Басты Жаңалықтар Наполеонмен соғысқан қазақтар туралы кітап жарық көрді

Наполеонмен соғысқан қазақтар туралы кітап жарық көрді

Қазақтар ХІХ ғасырда орыс әскерінің құрамында болып, Наполеонның әскерін Парижге дейін өкшелеп қуған. Бұған дейін ашық айтылмаған тарихи оқиға туралы жазылған кітаптың тұсаукесері Лондонда өтті.

«1812 жыл: Соғыс және бейбітшілік (Қазақы нұсқа)» атты шығарманың авторы – атыраулық жазушы, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының иегері Жалғасқали Дүтмағанбетов. Ол арнайы зерттеу жүргізіп, тың деректердің бетін ашқан. Атап айтқанда, қазақтар 1731 жылы Әбілхайыр хан мен Ресей патшайымы Анна Иоанновна арасындағы келісімге сәйкес, сыртқы жауға қарсы соғыстарға қатысуға міндеттелген. Жазушы Ұлыбританиядағы Қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесіп, тарихи туындының тұсаукесерін өткізді. Бұған дейін оның француз тіліндегі нұсқасының таныстырылымы Париж қаласында ұйымдастырылған болатын. Басты мақсат – елден жырақта өмір сүріп жатқан қандастарымыз бен шетелдіктерді тарихтың ақтаңдақ беттерімен таныстыру.

Жалғасқали Дүтмағанбетов, жазушы:

Мұны, менің ойымша, дүниенің адамдары білгені жөн. Неге десеңіз, үлкен соғысқа қатысып, ерлік көрсеткен, марапат алған халықты айтпай қалмауға болмайды.  

Исмаил Кесижи, Ұлыбританиядағы қазақ орталығының басшысы:

Қазақтың тарихын ашсаң, ар жағында түркі тарихпен бірге өте терең 3000 жылға, 5000 жылға баратын бір тарихымыз бар. Соның бір жақ шетін үйреніп, содан сабақ алып жатырмыз.


Бөлісу