Қазақстанның креативті индустриясы таныстырылды
Қазақстанның креативті индустриясы Грекияда таныстырылды. Еліміздің осы мемлекеттегі елшілігінің қолдауымен отандық «KISVA» бренді Афинада сән көрсетілімін ұйымдастырды. Қазақстандық дизайнер көпшілікке заманауи үлгідегі үздік топтамаларын ұсынды. Шетелдік меймандар көздің жауын алатын киімдер арқылы көшпенді дала мәдениетімен, қазақтың болмыс-бітімімен тереңірек танысты. Қазақстанның ұлттық бірігейлікті сақтауға басымдық беруін жоғары бағалады. Мәдени шара Қазақстан мен Грекия арасындағы гуманитарлық байланысты нығайтып, мәдени диалогты кеңейтуге ықпал етті, дейді шетелдіктер.
Таня Николопулу, «Like Woman» порталының бас редакторы:
Грекияда қазақстандық бренд бірінші рет таныстырылып отыр. Мен бүгін минимализмді, қарапайымдылықты паш еткен ерекше топтаманың куәсі болдым. Дизайнерлеріңіз өте талғампаз, әрі өте әдемі. Осындай сұлулықты, ғажап көрсетілімді көргеніме қуаныштымын.
Димитрис Стрэпкос, дизайнер:
Маған қатты ұнады. Таңғажайып музыка, бәрі бір-бірімен үйлескен керемет концептуалды шоу болды. Маталар мен материалдардың өңдеу тәсілі, пішіні ерекше. Бұл киімдердің көркін ашып, құндылығын арттырды.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00