Басты Жаңалықтар Жұлын нейрохирургиясы бойынша жас мамандар біліктілігін арттырды

Жұлын нейрохирургиясы бойынша жас мамандар біліктілігін арттырды

Еліміздің әр өңірінен келген жас нейрохирургтер мен резиденттер шетелдің ең білікті деген профессорларынан омыртқа ауруларын емдеудің тың тәсілдерін үйренді. Екі күн бойы жас мамандар жұлын-омыртқа хирургиясы, омыртқа деформациясын түзеу, жұлын жарақаттарын емдеу сияқты жаңаша әдістерді меңгерді. Оқыту курсының бірінші күнінде тәжірибелі мамандар хирургиялық тәсілдерді арнайы муляждар мен симуляциялық модельдерді қолдана отырып көрсетті. Аталған шараның өтуіне нейрохирургиялық қоғамдардың дүниежүзілік федерациясы, халықаралық жұлын қоғамының және Қазақстан нейрохирургтары қауымдастығы ұйытқы болды.

Жалпы, елімізде Ұлттық нейрохирургия орталығында жылына 5 мыңнан аса операция жасалады. Оның шамамен 1,5 мыңы жұлын-омыртқа паталогиясы бойынша жүргізіледі.

Мехмет Зелели, жұлын нейрохирургиясы комитетінің негізін қалаушы:

Қазақстанның нейрохирургия деңгейі озық елдермен тең. Әсіресе жас мамандардың қабілеті мен тәжірибесі қуантады. Өкінішке қарай, әлемде нейрохиругриялық операцияларға жүгінетін науқастар саны азаймай отыр. Бірақ күнделікті озық технология, тың әдістер енуде. Бұл ретте Қазақстанда мамандардың біліктілігін арттыруға арналған оқу-жаттығу базалары жақсы жолға қойылған.

Талғат Керімбаев, нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі:

Қазіргі омыртқааралық диск жарығы дейміз, өте көп жасалатын операция. Кіші инвациялық технологиямен жасайды. Науқастар сол күні немесе келер күні аяққа тұрып,1-2 күннен кейін шығарамыз.


Бөлісу