Басты Жаңалықтар Мұздақтар ериді: Қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Мұздақтар ериді: Қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Шығыста қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Өйткені осы уақытта таудағы мұздықтар ериді. Жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, облыста 13 өзен бассейні мен 144 мореналық көл бар. Қазір мамандар осы су көздерін назарда ұстап отыр. Себебі тау арасында түзілген бұл су қоймалары 11 елді- мекенге қауіп төндіреді.

Облыста сел, сырғыма жағдайына мониторинг жүргізу үшін тоғыз маусымдық гидробекет жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар Катонқарағай ауданындағы Сарымсақты өзенінде жыл бойы бақылау жүргізетін арнайы гидробекет бар. Мамандар қауіпті аумақтардағы гидрометеорологиялық жағдайы туралы мәліметті тәулігіне үш рет жариялап отыр. Сел қаупі бар аудандардың жергілікті атқарушы органдарына ескерту парақшалары таратылды. Құтқарушылар тұрғындар мен туристерді сел және көшкін қаупі бар таулы аймақтарға бармауға шақырады. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.


 


 


Бөлісу