«AMANAT» партиясының төрағасы қоғамдық қабылдау өткізді
«AMANAT» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау өткізді. Тұрғындар әлеуметтік инфрақұрылым, ауылдарға таза ауызсу тарту, еңбек шарты, жастардың жұмыспен қамтылуы, елді мекендерді газдандыру, аудандарда пошта қызметін жүйелі жолға қою сынды бірқатар маңызды мәселемен жүгінді. Азаматтардың сан сауалын тыңдаған Мәжіліс спикері, партия төрағасы Ерлан Қошанов, ұсыныстардың барлығы жүйелі түрде шешілетінін айтты. Бүгінде партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында бірқатар жұмыс атқарылып жатыр. Қабылдау қорытындысы бойынша партия төрғасы азаматтарды толғандырған барлық мәселені жеке бақылауына алды.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы, «AMANAT» партиясының төрағасы:
Біз үшін әр адамның мәселесі маңызды. Оны шешу – басты міндетіміз. Былтыр «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауына азаматтардан 124 мың өтініш келіп түсті. Олардың басым бөлігі шешілді. Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, халық үніне құлақ асатын партия дегеніміз осы.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сарапшылар: Қазақстан Конституциясы сөз бостандығына кепілдік береді
13.10.2026, 20:08
Әлем жаңалықтарына шолу
13.10.2026, 20:06
Жедел жәрдем бригадасының қозғалысын картадан бақылауға болады
13.10.2026, 20:05
Бельгия Королі мен Патшайымы қазақтың ұлттық дәстүрлерімен танысты
13.10.2026, 20:05
«Алтын виза» енгізіледі: Құрылтай көші-қон заңнамасын жетілдіруге кірісті
13.10.2026, 20:04
Қазақстан экономикасы жарты жылда 4,1 пайызға өсті
13.10.2026, 20:04
Ел экономикасы 4,2 пайызға өсті
13.10.2026, 20:03
Алматы алдағы жылдары қалай өзгереді?
13.10.2026, 20:03