Astana LRT іске қосылды
Бүгін Astana LRT ресми түрде іске қосылды. Салтанатты шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, жаңа көлік желісінің жұмысын бастауға ресми рұқсат берді. Жоба елорданың көлік инфрақұрылымын жаңғыртып, шаһардағы қатынасты жеңілдетпек.
Осылайша, көптен күткен жүрдек пойызы жолға шықты. Қала әкімінің айтуынша, LRT жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін арнайы диспетчерлік қызмет құрылған. Ұзындығы 22,4 шақырымдық желіде 15 жүргізушісіз пойыз құрамы қатынайды. Әр құрам 600-ден астам жолаушыны тасымалдауға қауқарлы.
Жеңіс Қасымбек, қала әкімі:
Пойыздар толықтай жүргізушісіз қозғалады. Жүйеде ең заманауи технологиялық шешімдер қолданылған. Жоба аясында 1000 тұрақты жұмыс орны ашылды, оның 650-і – Қазақстан азаматтары. Сонымен қатар 131 маман Қытайда арнайы оқудан өтті. Алдағы он жылда жүйе қытайлық мамандармен бірлесіп басқарылады. Кейін басқару кезең-кезеңімен отандық мамандарға беріледі.
Президент бұл бастама елорданың ғана емес, тұтас елдің логистикалық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Бұл қаланың орны ерекше. Келешекте Еуразиядағы көлік хабына айналдыру керек. Бұл жерді тоғыз жолдың торабы қылу керек. Сондықтан бұл оқиғаның мән мағынасы өте жоғары. Сәтті болсын!
Сонымен қатар Мемлекет басшысы жобаны жүзеге асырған қытайлық компания өкілдері, CTS Transportation және Astana LRT қызметкерлеріне алғыс айтып, көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту міндетін жүктеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Бұрын бізде мұндай жобалар болған жоқ. Жұмысты одан әрі жалғастыру керек. Орны ерекше біздің елімізде. Көлік жүйені кеңейтіп, одан әрі дамытуымыз керек. Сондықтан баршаңызға құтты болсын. Бірге жұмыс істей берейік. Астана үшін. Елорда үшін. Еліміз үшін.
LRT инфрақұрылымына 18 станция мен заманауи депо кіреді. Бағыт бойымен жүру ұзақтығы шамамен 40 минут. Пойыздардың орташа жылдамдығы сағатына 50-60 шақырым болса, қозғалыс интервалы 5-6 минут. Мемлекет басшысы жүйенің алғашқы жолаушысы ретінде «Әуежай» станциясынан «Ұлттық музей» станциясына дейін сапарлады. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа 001 сериялы арнайы LRT картасы табысталды.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ардагерлер кеңесі 5 жылдық жоспарын бекітті
16.05.2026, 20:13
Зиянды шегірткелерді улауға дрондар қолданылады
16.05.2026, 20:12
Жыл бойы жұмыс істейтін тынығу лагері ашылды
16.05.2026, 20:10
Президент «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» туралы Жарлыққа қол қойды
16.05.2026, 20:09
Ауыл балаларына арналған заманауи технологиялық орталық ашылды
16.05.2026, 20:08
LRT алғашқы жолаушыларын тасымалдады
16.05.2026, 20:08
Қызылордада 600 отбасы баспаналы болды
16.05.2026, 20:04
Қазақстан инвестицияны көбірек тартуға ниетті
16.05.2026, 20:03