Басты Жаңалықтар Заң мен тәртіп - қауіпсіз қоғамның негізі

Заң мен тәртіп - қауіпсіз қоғамның негізі

Заң мен тәртіп - қауіпсіз қоғамның негізі. Ал қауіпсіз қоғам мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі болмақ. Сондықтан Қарағанды қаласында «Құқықтық тәртіп, заңдылық және патриотизм: ұлттық және халықаралық тәжірибе» тақырыбында ғылыми конференция өтті. Шараға білім беру ұйымдарының курсанттары, студенттер, сондай-ақ отандық және шетелдік тәжірибені зерттеуге қызығушылық танытатын жас зерттеушілер шақырылды. Олар жиында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, заңдылықты нығайту, сонымен қатар киберқылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылап, оны шешу жолдарын  ұсынды. Мұндай ғылыми конференциялар заң мен тәртіп қағидатын берік ұстанып, қауіпсіз қоғамды қалыптастыру жолында ерекше рөл атқарады дейді қатысушылар.

Нұрлан Бикенов, облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы:

Бүгінгі қауіп тек физикалық емес, ақпараттық ортада қалыптасып, киберқылмыс, интернет алаяқтық, ақпараттық манипуляция қоғамдық тұрақтылыққа ықпал етуде. Сондықтан құқықтық тәртіп бүгін заң мәселесі емес, қоғамның сенімі, мемлекеттің бірлігі, ұлттық қауіпсіздіктің мәселесі деп санауға болады.


Бөлісу