2027 жылғы дейін ауылдардың 90%-на талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылады
Келер жылдың соңына қарай ауылды мекендердің 90 пайызына талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылады. Бұл сапалы әрі жылдам интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгін мамандар, оның ішінде кабель тартушы, оптикалық талшықтарды жалғаушылар шеберліктерін сынға салды. 20-ға жуық байланыс қызметкері оптикалық талшықты жалғаудағы жылдам әрекет пен асқан дәлдікті көрсетті. Бұл шара осымен екі жыл қатарынан байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні қарасыңда өткізіліп келеді. Бүгінде елімізде 20 миллионнан астам мобильді абонет бар, интернет жылдамдығы секундына 94 мегабитті құрайды.
Еркеболат Жанпейісов, байланыс саласының қызметкері:
Күннің ыстығы, суғы, ауа райының төрт мезгілінде де, далада, қалада, ауылда жұмыс істеп жүре береміз. Ел мен елді қала мен қаланы, ауыл мен ауылды, адамдардың бір-бірімен ақпарат алмасуын үздіксіз қамтамасыз етеміз. Біздің жауапкершілігімізде.
Дамир Сейсембеков, ЖИ және цифрлық даму министрлігінің комитет төрағасы:
42 пайыз талшықты оптика ауылды жерлерге жеткізілген. Қазір үлкен жоба іске асырылып жатыр, 3 мыңнан астам ауылды мекендерге талшықты оптика жүргізіледі. Сонда 92 пайыз ауылды мекендерге талшықты оптика магистралі ретінде жеткізіледі.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атырауда Халықаралық шахмат турнирі басталды
13.10.2026, 20:29
Сарапшылар: Қазақстан Конституциясы сөз бостандығына кепілдік береді
13.10.2026, 20:08
Әлем жаңалықтарына шолу
13.10.2026, 20:06
Жедел жәрдем бригадасының қозғалысын картадан бақылауға болады
13.10.2026, 20:05
Бельгия Королі мен Патшайымы қазақтың ұлттық дәстүрлерімен танысты
13.10.2026, 20:05
«Алтын виза» енгізіледі: Құрылтай көші-қон заңнамасын жетілдіруге кірісті
13.10.2026, 20:04
Қазақстан экономикасы жарты жылда 4,1 пайызға өсті
13.10.2026, 20:04
Ел экономикасы 4,2 пайызға өсті
13.10.2026, 20:03