Басты Жаңалықтар Түркістанда түркі елдері өркениетінің орталығы құрылады

Түркістанда түркі елдері өркениетінің орталығы құрылады

Түркістанда түркі елдері өркениетінің орталығы құрылады. Мұндай ұсынысты бүгін Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Аталған орталық бауырлас елдердің бірлесіп ғылыми-зерттеу жүргізуіне, мәдени жобаларды және білім беру бағдарламаларын нығайтатын жобаларды іске асыруға  ықпал етеді. Орталықтың жұмысын ұйымдастыру халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми академиялық әлеуетіне жүктелмек. Айта кетейік, қазір аталған жоғары оқу орнында түркология ғылыми зерттеу орталығы ашылған. Сондай-ақ ұлы ойшыл ғұлама Қожа Ахмет Ясауидің ілімі мен еңбектері терең зерттеліп жатыр. Ғалымдар алдағы уақытта  түркі елдерінің ғылымы мен тарихы, мәдениетінен ақпарат беретін арнайы электронды кітапхана ашуды ұсынып отыр.

Халил Четин, Түркология ғылыми-зерттеу орталығының директоры /Түркия/:

Бүкіл түркі мемлекеттерінің ішіндегі мекемелер мен ғылым ордаларымен бірлесіп, бір электронды кітапхана құрған кезде оны түркі мемлекеттері олардың ішіне кіріп, керек ақпаратты алады. Осы жүйенің біреуінде мәдениет жағынан бір жүйе құрып, түркі мемлекеттерінің салт-дәстүріне байланысты, киім, тамақ, музыка, ары қарай басқаларын да бір жүйенің ішіне қоямыз.


Бөлісу