Түркі мемлекеттерінің президенттері Түркістанға келді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістан қаласына барды.
Сондай-ақ халықаралық жиынға қатысуға Түркістанға төрт елдің Президенті келді.
Алдымен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров жетті. Одан кейін
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, артынша Түркия Президенті Режеп Тайып
Ердоған мінген ұшақ Түркістан әуежайына қонды. Сонымен қатар Әзербайжан
Президенті Ильхам Әлиев те түркі руханиятының орталығы саналатын шаһарға табан
тіреді. Мәртебелі меймандарды Түркістан халықаралық әуежайында еліміздің ресми
өкілдері қарсы алды.
Айта кетейік, бейресми саммит аясында түркі мемлекеттері арасындағы жасанды
интеллект пен цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту
мәселелері талқыланады. Жиынға шамамен 500-ден астам делегаттың қатысуы
жоспарланған.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12