Елімізде зерттеулерге серпін беретін суперкомпьютерлік кешен жұмыс істеп тұр
Елімізде ғылым мен жоғары технология саласындағы зерттеулерге серпін беретін суперкомпьютерлік кешен жұмыс істеп тұр. Мамандардың айтуынша, аса қуатты жүйе күрделі есептеулер жүргізуге, жасанды интеллект жобаларын дамытуға және ауа райын болжауға мүмкіндік береді. Тақырыпты тікелей эфирге қосылып тұрған әріптесім Қуан Нұрақын жалғастырады.
Қуан Нұрақын, тілші:
Бүгін біз еліміздегі ғылым мен технология саласы үшін маңызды орталықтардың бірінде тұрмыз. Мұнда орнатылған суперкомпьютердің есептеу қуаты 2 мың терафлопсқа жетеді. Мамандар оның жылдамдығы қарапайым компьютерлерден шамамен 10 мың есе жоғары дейді. Қазір осы кешеннің мүмкіндігі туралы толығырақ білу үшін орталық директоры Әмірхан Темірбаевты сөзге тартсақ.
Әмірхан мырза, кешеннің қуаты 2 мың терафлопс деп айтылып жатыр. Қарапайым тілмен түсіндірсек, бұл қандай озық цифрлық мүмкіндік? Пайдалы тұстары қандай?
Әмірхан Темірбаев, Farabi Supercomputer Center орталығының директоры:
Заманауи компьютерлерден шамамен 10 мың есе жоғары. Жүйенің есептеу қуаты 2 мың терафлопсқа жетеді. Бұл көрсеткіш оны әлемдегі ең қуатты 600 суперкомпьютердің қатарына енгізіп отыр.
Суперкомпьютер нақты қай салаларда қолданылады? Мысалы, жасанды интеллект, медицина немесе ауа райын болжау бағытында қандай жобаларды жүзеге асыруға болады?
Әмірхан Темірбаев, Farabi Supercomputer Center орталығының директоры:
Кешен күрделі математикалық модельдерді есептеуге, ауа райын болжауға, сондай-ақ жасанды интеллект бағытындағы жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұнда 6 петабайттық деректер сақтау жүйесі орнатылған.
Қазір кешен күрделі математикалық модельдерді
есептеуге, ғылыми зерттеулер жүргізуге және деректерді сақтауға пайдаланылып
жатыр. Сонымен қатар орталық заманауи салқындату және үздіксіз электрмен қамту
жүйесімен толық жабдықталған. Мамандар бұл кешен отандық ғылым мен
технологияның дамуына жаңа мүмкіндік береді дейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы