Семейде жас журналистер өзара сынға түсті
Абай облысында қазақтың белгілі жазушысы, журналист және қоғам қайраткері Сұлтан Оразалы атындағы байқау өтті. «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты бәсекеге ең үздік 19 оқушы қатысып, тележүргізуші, тілші әрі мақала авторы ретінде бақ сынады. Тікелей эфир форматында сұхбат алып, шеберліктерін байқатты. Сұлтан Оразалының өмірі мен шығармашылығын зерттеп, сөз саптау шеберлігі мен сахна мәдениетін көрсетті. Жастардың журналистикаға қызығушылығын арттырып, кәсіби бағыт беретін байқауда үздіктер марапатталды.
Әмина Бағдәулетова, байқау жеңімпазы:
Болашақта мен журналист боламын. Ең бірінші ол адамдардан қорықпауы керек және халық алдында ашық сөйлесе білуі керек. Ең бастысы – еркін сөйлеу қажет, ешқандай жасандылық қажет емес деп ойлаймын.
Бакизат Ысқақова, Абай аудандық білім бөлімінің басшысы:
Балалар жан-жақты ізденіп, дайындалып келген. Мысалы, мен балалардың кіп-кішкентай болса да, адамдарды, жалпы қоғамды ойландыратын, біздің қазақ руханиятына сай келетін өзекті мәселелерді көтеріп отырғандарына тәнті болдым. Проблемаларды жан-жақты ашуға тырысқан.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00