БҚО еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Батыс Қазақстан облысында ел дамуына үлес қосқан еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді.
«Amanat» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында облыстық форум өтті. Оған өңірдегі барлық 12 ауданнан 30-дан астам аға буын өкілі қатысты. Ардагерлер өмірлік тәжірибесін айтып, еңбек жолындағы қызықты оқиғаларын әңгімеледі. Олар әлі де қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, жастарға жол көрсетіп келеді.
Құрман Бисеғалиев, Ақжайық аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы:
Осындай шараның болғаны өте дұрыс болды. Біз ауданнан 3 азамат келдік. Олардың бәрі де елге еңбегі сіңген, басының қадірі, сөзінің нәрі бар адамдар. «Мен жасарымды жасадым, асарымды асадым» деп, пеш түбінде отырмай, сол қоғамның ортасында, қоғамның қазанында қайнап жүрген адамдар.
Сергіту сәтінде ардагерлер үстел теннисі, бильярд, дойбы, шахмат ойнап, сайыс
көрігін қыздырды. Кездесу соңында қатысушыларға Алғыс хат табыс етілді. Партия
мүшелеріне жылда емдік-сауықтыру шипажайларына жолдама беріледі.
Азамат Сафималиев, «Amanat» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы:
Ең басты мақсатымыз – үлкендерімізге сый-сияпат, құрмет көрсету. Партияға көп жыл өз үлесін қосқан, ең бастысы, біздің Ақжайық өңірінің дамуына, ел экономикасының дамуына, аудандардың өркендеуіне үлкен үлес қосқан аға буын мен аналарымыздың басын қосып жатырмыз.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00