Басты Жаңалықтар 2,2 млн гектар жердегі шегірткені улайды

2,2 млн гектар жердегі шегірткені улайды

Биыл шегірткенің таралуына қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 2 миллионнан астам гектар аумақта жүргізіледі. Бұған республикалық бюджеттен 7,1 миллиард теңге бөлінді. Ауыл шаруашылығы вице-министрінің айтуынша, жылдан жылға зиянкестердің таралу аймағы азайып келеді, сәйкесінше, бюджеттен бөлінетін қаражат көлемі де қысқарды. Жалпы, шегірткенің ең көп таралуы 2024 жылы тіркелген болатын, ол кезде 3,1 миллион гектар аумақ өңделді. Зиянкестердің таралуы Түркістан, Жамбыл, Қостанай, Ақмола, Ақтөбе облыстарында байқалады. Қазіргі таңда 385 мың гектар алаңда химиялық препараттармен өңдеу жұмыстары аяқталды.

Ермек Кенжеханұлы, Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
Оның көп бөлігі италияндық прусс шегірткесінің таралу аймағы, ең көп жоспарлап отырғанымыз италияндық прусс аймағының таралуы деп есептейміз. Одан кейін марокко шегірткелері, марокко түрі Түркістан, Жамбыл облысында қоныстанған, басқа облыстарда италияндық прусс пен азия шегірткесі таралып отыр.
Бүгінде аудандық, облыстық, республикалық деңгейде арнайы Штаб құрылды. Онда өңдеу барысында техника жеткізу, препараттар жөнелту, бюджеттің игерілуі - штаб аясында үйлестіріліп отырады. Ағымдағы жылға 500-ден астам арнайы бүрку техникасы, оның ішінде авиациялық, жер үсті техникалары мен 100-ден астам дрон жұмылдырылып отыр. Зерттеу жұмыстарына 3400 адам тартылды. 
Сәкен Қаныбеков, Ауыл шаруашылығы министрлігінің комитет төрағасы:
Монитроинг жүргізетін дрондар, жалпы мысалы орта есеппен алған кезде 1 адам күніне 800 гектардай зерттеу жұмыстарын жүргізеді, ал дронмен пайдаланатын болсақ, 5 мың гектардай мүмкіншілігі бар, ол бір жағынан тез уақытта анықтау екіншіден өңдеу жұмыстарды тиімді пайдалану.


Бөлісу