Қазақстан мен Қытай инвестициялық ынтымақты күшейтеді
Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық ынтымақ жаңа деңгейге көтеріледі. Бүгін Сенат екі ел арасындағы инвестицияларды өзара қорғау және ынталандыру туралы келісімді ратификациялады. Құжатқа былтыр Астанада Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің мемлекеттік сапары аясында қол қойылған. Келісім бірлескен жобаларды іске асыруға қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Сондай-ақ құжат инвесторлардың құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарын бекітеді. Атап айтқанда, капитал салымдарын қорғау, инвестициялық дауларды халықаралық төрелік арқылы шешу және табысты еркін аудару тетіктері қарастырылған.
Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
Мақұлданған заң аясында тараптардың инвесторлар үшін ауқымды құқықтық кепілдіктер қарастырылып отыр. Сондай-ақ инвестицияларды қолдау шараларымен инвесторлар қатысатын дауларды шешу тәртібі реттелді. Бұл келісім алдағы уақытта екі елдің стратегиялық серіктестігін одан әрі дамытуға серпін береді деп сенеміз.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00