Сенат отырысында бірқатар құжат мақұлданды
Мемлекеттік марапаттар қатары жаңа ордендермен толығатын болды. Сенат бүгін тиісті заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады. Осылайша елде енді Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи және Мейірім ордендері пайда болады. Жаңа наградаларды енгізу туралы бастаманы бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген еді. Бүгінгі Сенат отырысында бұдан өзге де бірқатар маңызды заң жобалары қаралды.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Бүгінгі Сенат отырысының күн тәртібінде 4 заң жобасы болды. Алғашқысы – «Қазақстан халқы кеңесі» Конституциялық заң жобасын қарау жөніндегі Парламент палаталарының бірлескен комиссиясына Сенат депутаттарын сайлау мәселесі.Одан кейін өзің айтып өткен жаңа мемлекеттік ордендерді енгізуге қатысты түзетулер мақұлданды. Сенаторлардың айтуынша, бұл марапаттар ғылым, руханият және қоғамдағы гуманизм құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.Үшінші мәселе – Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заң. Құжат екі ел арасындағы инвестициялық ахуалды жақсартып, бизнеске құқықтық кепілдіктер беруді көздейді.Ал бүгінгі отырыстағы негізгі талқылау еңбек заңнамасын жетілдіруге арналған заң жобасының төңірегінде өрбіді. Бұл құжат бұған дейін Мәжілісте бірнеше мәрте қаралып, жұмыс топтарында қызу талқыланған болатын. Депутаттар әсіресе жұмысшылардың құқықтарын қорғау, еңбек қауіпсіздігін күшейту және жұмыс берушінің жауапкершілігін арттыру мәселелеріне басымдық берген.Заң жобасында өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу тетіктерін күшейту, еңбек шарттарын цифрландыру, қашықтан жұмыс істеу тәртібін нақтылау секілді нормалар бар. Сонымен қатар еңбек инспекторларының құзыреті кеңейтіліп, қызметкерлердің еңбек құқығын бұзғандарға қатысты талаптар қатаңдатылмақ.Сенаторлар құжатты бірінші оқылымда қарап жатыр. Талқылау әлі жалғасады.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Туристер туроператор таңдағанда, нені ескеруі қажет?
14.05.2026, 10:22
Донор болуға келісім беретіндер жыл сайын артып келеді
14.05.2026, 10:21
Круиздік лайнерде норовирус табылды
14.05.2026, 10:20
Трамп пен Си Цзиньпин арасында келіссөздер басталды
14.05.2026, 10:19
Балаларға арналған интернеттегі қауіпсіздік жадынамасы жарияланды
14.05.2026, 10:17
Мектептерде цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект пәндері енгізіледі
14.05.2026, 10:16
Қазақстан интернет жылдамдығы жағынан ТМД елдері арасында үздік үштікке кірді
14.05.2026, 10:13
Мектептерде цифрлық сауат және жасанды интеллект пәндері енгізіледі
13.05.2026, 20:17