Түркі мемлекеттері экономикалық кооперацияны күшейтуге келісті
Түркі елдері саяси ықпалдастықпен қатар сауда-өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға уағдаласты. Жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдалану жолдарын талқылауға арналған бизнес-форумға мемлекеттік органдар, қаржы институттары, сауда-өнеркәсіп палаталары, халықаралық ұйымдар және бизнес қауымдастық өкілдері қатысты. Ұйымға мүше елдердің жалпы халқы 170 миллионнан асады. Әр мемлекеттің өнеркәсіп, көлік және аграрлық саладағы әлеуеті жоғары. Ендігі міндет – осы мүмкіндіктерді біріктіріп, әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру. Бұл бағыттағы алғашқы қадам ретінде бірқатар меморандумға қол қойылды.
Қазыбек Шайх, «ҚР Ұлттық кооперативтер және экономикалық қоғамдастықтардың басқа да нысандары қауымдастығы» ЗТБ президенті:
Түркі елдері бірлесіп, кооперация, кәсіби кооперация, тұтыну кооперациясы осы бағыттарды дамыта отырып, бір түркі елдес мемлекеттердің жалпы дүниежүзілік бәсекеге қабілетті ұлғайтып, дамытып, тұрақты экономика құруға мүмкіндігіміз бар. Ең басты тәсіл - оған біздің Президентіміз айтқандай кооперацияны дамыту.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12