Мұғалімдер оқушыға сабақта ғана жауапты
Енді мұғалімдер оқушыға тек сабақ кезінде жауапты. Одан тыс уақытта баланың қауіпсіздігі мен тәртібі үшін жауапкершілік ата-анаға жүктеледі. Мәжіліс жаңа заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Сондай-ақ осыған дейін бір құжатты қағаз және электронды түрде қатар тапсырып келген педагогтер қағазбастылықтан арылады. Бұған заң жүзінде тыйым салынды. Мұндай өзгерістер мұғалім мәртебесін нығайтуға бағытталып отыр. Құжат жалпы мұғалімдерді артық жүктемеден қорғап, білім беру, денсаулық сақтау және бала құқықтарын қорғау салаларындағы бірқатар нормаларды өзгертеді.
Жанарбек Әшімжан, Мәжіліс депутаты:
Ұсынылған нормалар мұғалімді артық жүктемеден арылтып, оның кәсіби еркіндігін қамтамасыз етеді. Енді педагогтердің білім алушылардың алдындағы жауапкершілігі тек оқу процесі барысында ғана айқындалады. Бұл мұғалімді өзіне тән емес функциялардан қорғайды.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11
Алматыда өнертанушы Мұхамеджан Әлімбаевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды
22.10.2026, 10:09
Брюссельдегі әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
22.10.2026, 10:08
Павлодар облысында тауарларға жеңілдік апталығы жарияланды
22.10.2026, 10:06
Кремль Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге дайын
22.10.2026, 10:04
Адамның араласуынсыз тапсырма орындайтын ЖИ жүйелері талқыланады
22.10.2026, 10:01
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30