Басты Жаңалықтар Ұлытау облысында «Қазақмыс» кеніштерінде ұрлық жасаған қылмыстық топтар ұсталды

Ұлытау облысында «Қазақмыс» кеніштерінде ұрлық жасаған қылмыстық топтар ұсталды

Ұлытау облысында «Қазақмыс» кеніштерінен тоннадан астам жанар-жағармай, бағалы метал ұрлады деген күдікпен бірнеше қылмыстық топ ұсталды. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, олардан көлік құралдары, ірі көлемдегі ақша, қару, оқ-дәрі тәркілеген. Қабылданған шаралардың нәтижесінде келтірген шығынның 94,5 пайызы қайтарылды. Тергеу барысында ұрлықтың жалған жанармай құю бекеттері арқылы және құжаттарды қолдан жасағандары белгілі болды. Сондай-ақ қылмысқа сол жердегі күзетшілердің кейбірі көмектескен болуы ықтимал. Биылдың өзінде полицейлер осы тектес төрт қылмысты анықтаған.

Бөлісу