Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтеді
15 мамырда Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымы Мемлекет басшылары кеңесінің бейресми саммиті өтеді. Биылғы кездесудің негізгі тақырыбы «Жасанды интеллект және цифрлық даму» деп бекітілді. Жиын аясында қатысушылар инновациялық игіліктерді экономикалық өсу мен мемлекеттік қызметтерді жақсартуға қолдану, сондай-ақ өңірлік байланысты нығайту мәселелерін талқылайды. Бейресми форматта өтсе де, Түркістандағы бас қосудың саяси салмағы жоғары. Сарапшылар жасанды интеллект бойынша ортақ декларация қабылданып, цифрлық ынтымақтастық платформалары мен киберқауіпсіздік механизмдері іске қосылуы мүмкін екенін айтады. Сонымен бірге Қазақстан өзін Еуропа мен Азия арасындағы цифрлық көпір ретінде танытуға ұмтылып отыр.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11
Алматыда өнертанушы Мұхамеджан Әлімбаевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды
22.10.2026, 10:09
Брюссельдегі әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
22.10.2026, 10:08
Павлодар облысында тауарларға жеңілдік апталығы жарияланды
22.10.2026, 10:06
Кремль Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге дайын
22.10.2026, 10:04
Адамның араласуынсыз тапсырма орындайтын ЖИ жүйелері талқыланады
22.10.2026, 10:01
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30