Былтыр еліміздің сыртқы сауда айналымы $144 млрд-қа жетті
Еліміздің сыртқы сауда айналымы былтыр 144 миллиард долларға жеткен. Бұл жайлы экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандырушылардың халықаралық бірлестігі – Берн одағының пленарлық отырысына қатысқан Премьер-министр Олжас Бектенов хабарлады. Форум алғаш рет Астанада өткізіліп отыр. Отырысқа әлемнің 70-тен астам елінен 240-қа жуық делегат қатысып жатыр. Олжас Бектенов еліміз Президенттің көшбасшылығымен саяси және экономикалық жаңғыртудың кешенді бағдарламасын дәйекті түрде жүзеге асырып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар шетелдік әріптестермен сенімді диалог құру – сыртқы экономикалық саясаттың ажырамас бөлігі екенін де атап өтті.
Хатидже Үркметч, Түркияның ЭКА жобалық қаржыландыру және халықаралық байланыстар жөніндегі директоры:
Біз қазірдің өзінде Қазақстандағы ірі жобаларға қолдау көрсетіп келеміз. Түркия мен Орталық Азия елдері арасында тарихи терең, мәдени және экономикалық байланыс бар. Сондықтан өңірде, әсіресе Қазақстанда инвестициялық ынтымақтастыққа кең мүмкіндік беретін тұрақты әрі сенімді орта қалыптасты деп айта аламыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы