Президент орта білім беру жүйесіне ЖИ-ді енгізу туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл бастама мектептердегі білім сапасын арттырып, оқыту процесін заманауи технологиялармен жаңғыртуға бағытталған. Құжатқа сәйкес, Үкімет 2026-2029 жылдарға арналған арнайы жоспар әзірлейді. Оның аясында мектептердің цифрлық инфрақұрылымы күшейтіліп, жоғары жылдамдықты интернет тартылады, ал мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдануға оқытылады. Сонымен қатар қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту үшін пилоттық жобалар іске қосылады. Ал жасанды интеллектіні қолданудың бірыңғай стандарттары 2026 жылдың қыркүйегіне дейін бекітілмек. Жаңа жүйе мұғалімді алмастыруды емес, олардың жұмысын жеңілдетіп, оқушыларға сапалы білім беруге қосымша мүмкіндік жасауды көздейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы