Мұнай тағы қымбаттап барады
Бүгін әлем нарығында мұнай бағасы 1 пайызға жуық қымбаттап, Brent маркалы шикізат баррелінің құны 105 долларға жетті. Ал америкалық көмірсутегінің бөшкесі 99 доллардан сатылып жатыр. Сарапшылардың ойынша, «қара алтынның» қымбаттауына АҚШ пен Иранның бейбіт келісім жасайтынына сенімнің сетінеуі себеп. Президент Дональд Трамп дүйсенбі күні мәлімдеме жасап, атысты тоқтату жөніндегі бітімнің қыл үстінде тұрғанын жариялады.
Сонымен қатар Тегеран ұсынған бейбітшілік жоспарын қабылдаудан бас тартты. Айта
кетсек, бұл жоспар бойынша Тегеран Вашингтонға шабуыл үшін өтемақы төлеу, Иран
мұнайын экспорттауға қайта жол ашу және Ислам Республикасын халықаралық
санкциялар мен теңіз блокадасынан босату туралы талап қойып отыр.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынында – 14 медаль
19.10.2026, 20:25
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
19.10.2026, 20:22
Ақын Серік Құсанбаевтың шығармашылық кеші өтті
19.10.2026, 20:21
Кітапқұмар ұрпақ – ұлт келешегі
19.10.2026, 20:20
19 қазан – құтқарушылар күні
19.10.2026, 20:19
Құландар мекенінде фестиваль өтті
19.10.2026, 20:18
Республика күніне орай ауқымды марафон басталды
19.10.2026, 20:16
«Ақтөбе — Қарабұтақ — Ұлғайсын» тас жолының бір бөлігі қолданысқа берілді
19.10.2026, 20:15