Таразда тозған құбырларды ауыстыруға ₸2 млрд бөлінді
Таразда 4 шағын ауданның жылу желілері 70 пайызға тозған. Соның салдарынан қыста баспаналарға жылу жеткізу қиынға соғады. Мәселен, «М3» магистральды желісі 49 жыл бұрын салынған. Жобалық жарамдылық мерзімі 25 жылға арналған нысан әлдеқашан ескірген. Бірақ сонда да қолданыстағы қырық жамау құбырмен қыс мезгілінде 100-ден аса көпқабатты үй мен әлеуметтік нысандарға жылу жеткізіледі. Бірақ желілер жиі жарылатындықтан, коммуналдық қызмет мамандарын әбігерге салып келді. Енді магистральды құбырларды бүтіндеу жұмысына 2 млрд теңге бөлінді. Бүгінде 1,4 шақырымдық құбырдың тең жартысы жаңаланды. Ал қысқа дейін қалған бөлігі ауыстырылады.
Ғани Әлімбаев, «ТаразТрансЭнерго» МКК бас инженері:
Қазір демонтаж жұмыстары жүріп жатыр. 26 сәуір күні басталды. Ескі құбырлар алынады, диаметрі 500-дік орнына жаңа құбыр қойылады. Заманауи, бүгінгі талапқа сәйкес құбырлар қойылады. Сырты изоляциямен зауыттан қапталған.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16