Алматы тау кластері халықаралық туризм орталығына айналады
Алматы тау кластерін дамыту мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өтті. Жиында өңірді халықаралық деңгейдегі жыл бойғы тау туризмі орталығына айналдыруға бағытталған ауқымды жоспарлар таныстырылды. Негізгі бастамалардың бірі – «Almaty Superski» жобасы. Оның аясында бірыңғай аспалы жол жүйесі құрылып, Шымбұлақ пен өзге де туристік аймақтарды байланыстыратын инфрақұрылым дамиды. 2029 жылға дейін жоспарланған жобаның 49-ы биыл жүзеге асады. Алғашқы кезеңде Шымбұлақты жаңғырту, Бутаковка мен Кімасар шатқалдарын дамыту көзделсе, екінші кезеңде Пионер және Oi-Qaragai курорттарын аспалы жолдар арқылы біріктіру жоспарланған.
Бауыржан Рапиков, Туризм және спорт министрінің орынбасары:
2029 жылға дейін арналған бұл жоба кезең-кезеңімен жүреді. Бүгінде 70-тен астам іс-шара жоспарланған. Бұл жоба бойынша жеке жол картасы дайындалған. Ол инфраструктура, мамандарды дайындау, инвесторларды тарту, экологиялық іс-шаралар.
Жоба аясында жаяу серуендеуге арналған инфрақұрылым, визит-орталықтар, цифрлық навигация және қауіпсіздіктің бірыңғай жүйесі енгізіледі. Сондай-ақ таулы аймақтарда шұғыл байланыс жүйесі мен түрлі деңгейдегі туристік маршруттар әзірленбек. Шымбұлақта биыл жеті аспалы көпірдің алғашқысы салынып, екі жаңа желі іске қосылады. Нәтижесінде тау шаңғысы трассалары тағы 5 шақырымға ұзармақ. Алматы облысында да ірі жобалар қолға алынған. Oi-Qaragai курортында жаңа гондола және аспалы жол пайдалануға берілген. Ал «Тау-Тұран – Байбұлақ» автожолын күрделі жөндеу жоспарланып отыр.
Ержан Еркінбаев, «Kazakh tourism development» компаниясының бас директоры:
Көтергіштердің саны 17. Бірақ олардың арасында тек 11-і ғана аспалы жолдар. Аса үлкен құрылыс жобаларын қажет етпейді. 70 км трассаның 70%-ы жасыл және көк трассалар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы