Еуропада кеме жолаушыларының бірінен хантавирус анықталды
Еуропа елдері бір кемеде болған жетпіс жолаушыны оқшаулап, вирусты анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Франция билігі лайнердегі бір әйелдің хантавирус жұқтырғанын растады. Париждегі аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде жатқан науқастың жағдайы ауыр, дейді дәрігерлер. Бельгиялық екі жолаушы да қазір мамандардың жіті бақылауында. Тест әзірге теріс нәтиже көрсетті. Бірақ, олар қырық күн карантинде болуы тиіс. «Инкубация мерзімі алты аптаға, яғни ұзаққа созылатындықтан кеме жолаушылары мен экипаж мүшелері арасында вирус жұқтырғандар әлі де анықталуы мүмкін», - дейді ЕуроОдақтың денсаулық сақтау агенттігінің директоры. Биліктегілер тұрғындарды дүрлікпеуге шақырады. Дәрігерлер «жаһандық пандемия қаупі төмен» деп бағалап отыр.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12