Премьер-министр облыс активіне жаңа әкімді таныстырды
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Премьер-министр Олжас Бектенов, Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімін таныстырды. Президент Жарлығымен аталған аймақ басшылық ету міндеті Мұрат Ергешбаевқа жүктелді. Премьер-министр Президенттің атынан бұған дейін аймақты басқарған Нұрлыбек Нәлібаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ Президенттің жаңа әкім алдына бірқатар басым міндет қойғанын атап өтті. Айта кетейік, облыс әкімі лауазымына екі кандидат ұсынылған еді. Ашық дауыс беру нәтижесінде, депутаттардың 19% Ардақ Зебешевке дауыс берді, 81% -ы Мұрат Ергешбаевтың кандидатурасын қолдады.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атырауда Халықаралық шахмат турнирі басталды
13.10.2026, 20:29
Ұстаз Қанипа Бітібаеваның әдістемесі мектептерде пайдаланылады
13.10.2026, 20:26
Сарапшылар: Қазақстан Конституциясы сөз бостандығына кепілдік береді
13.10.2026, 20:08
Әлем жаңалықтарына шолу
13.10.2026, 20:06
Жедел жәрдем бригадасының қозғалысын картадан бақылауға болады
13.10.2026, 20:05
Бельгия Королі мен Патшайымы қазақтың ұлттық дәстүрлерімен танысты
13.10.2026, 20:05
Бельгиямен байланыстың жаңа белесі басталды
13.10.2026, 20:05
«Алтын виза» енгізіледі: Құрылтай көші-қон заңнамасын жетілдіруге кірісті
13.10.2026, 20:04