Елордада Жеңіс күніне орай «Ерлік сабағы» өтті
Елордадағы «Келешек мектептерінің» бірінде 9 мамыр - Жеңіс күніне орай «Ерлік сабағы» бірыңғай сағаты өтті. Ашық сабаққа оқушылардың әкелері қатысып, елге қызмет ету, патриоттық тәрбие және азаматтық жауапкершілік туралы ой бөлісті. Ерлік сабағы бір уақытта бірнеше сыныпта өтті. Кездесу барысында оқушылар сұрақ қойып, ерлік пен отансүйгіштік тақырыбында пікір алмасты. Шараның мақсаты - отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу дейді ұйымдастырушылар.
Гүлмарал Уәлиханқызы, Бастауыш сынып мұғалімі:
Жалпы, мұндай тәрбие сағаттары мектебімізде әр мереке сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінгі Жеңіс күніне арналған сынып сағаттарының басты мақсаты - оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, елін сүйетін, Отанына адал азамат болып қалыптасуына ықпал ету. Осы мақсат аясында кеше мектебімізге 145 әке келіп, өз сынып сағаттарын өткізді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00