Басты Жаңалықтар Отан қорғаушы күні: Сахнадағы рух, елдегі сенім

Отан қорғаушы күні: Сахнадағы рух, елдегі сенім

Астанада 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай өткен концерттік шара биыл ерекше мазмұнмен есте қалды. Бұл тек сахналық қойылым мен мерекелік концерт қана емес, елдің әскери қуатын, тәртіп пен патриоттық рухын көрсеткен маңызды қоғамдық алаңға айналды. Көпшілікке заманауи әскери техникалардың көрмесі ұсынылып, ел қорғанысындағы мүмкіндіктер таныстырылды.

Мерекеге келген жұрттың арасында әскери форма киген балалардың көп болуы ерекше назар аудартты. Бұл - жай ғана киім емес, қоғамдағы әскери мамандыққа деген құрметтің, патриоттық тәрбиенің белгісі. Балалардың әскери техникаларды ерекше қызығушылықпен тамашалауы – жай ғана көрініс емес, болашақтағы азаматтық жауапкершіліктің бастауы.

Әділбек Булатханов, Ұлттық ұлан 55/73 әскери бөлімі командирінің техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары:

Бронь техникалардың барлығы арнайы операцияларда қолданылады. Мына артымызда тұрған Барыс 6-6 броньді техниканың мүмкіндіктері, бұл арнайы күштерге арналған. Оның қаруында 12/7 калибрлі оқ.

Ал сап түзеген сарбаздар – тәртіп пен тұрақтылықтың көрінісі.

Әлібек Әбділов, ҚР ІІМ Ұлттық ұлан бас қолбасшысының кеңесшісі:

Бұл шараның мақсаты – 7 мамыр Отан қорғаушылар күнін атап өту бір бөлек. Ең басты мақсат – осы жерде жүрген жас балаларға, өскелең ұрпаққа әскердің әлеуетін көрсетіп, патриоттық тәрбие, білім беру.

Салтанатты шараның басты идеясы да осы. Әскер – тек шекараны күзететін құрылым емес, елдің ертеңіне сенім ұялататын стратегиялық тірек. Бейбіт өмір өздігінен келмейді, ол тәртіптің, тұрақты дайындықтың және Отанға адалдықтың нәтижесі. 


Бөлісу