Басты Жаңалықтар Трамп «Бостандық жобасын» уақытша тоқтатты

Трамп «Бостандық жобасын» уақытша тоқтатты

Трамп «Бостандық жобасын» уақытша тоқтатты

АҚШ президенті Дональд Трамп Парсы шығанағында тоқтап тұрған кемелерді босату операциясы қысқа мерзімге тоқтайтынын мәлімдеді. «Бостандық жобасы» атты процесс дүйсенбіде басталған еді. Оның тоқтауына бейбіт келіссөзге араағайындық танытқан Пәкістанның өтініші түрткі болған. Бұған қоса Трамп мұндай шешімге әскери сәттіліктер мен Тегеранмен бейбіт келісімге келуде айтарлықтай ілгерілеудің болуы себеп деп мәлімдеді.  

Мұнай бағасы төмендеді

Трамп Тегеранмен мәмілеге келуге үміт білдіргеннен кейін әлемдік мұнай бағасы айтарлықтай түсті. Брент сұрыбы 1,7 пайызға арзандап, бір баррелі 108 долларға саудаланып жатыр. Ал «Ви-Ти-Ай» бағасы 100 долларға дейін төмендеді. Сонымен бірге табиғи газ, жанармай, мазут та арзандаған. Апта басында мұнай бірден 6 пайызға қымбаттағаны мәлім. 

Зауыттағы жарылыс құрбандарының саны 26-ға жетті

Қытайдың Хунань провинциясында фейерверк зауытында болған жарылыстан қаза тапқандар саны 26-ға жетті. 61 адам жараланған. Кәсіпорын маңындағы үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, президент Си Цзиньпин оқиғаның себебін тергеуге және трагедияға кінәлілерді жауапқа тартуға бұйрық берген. 

Робот-монах ресми түрде таныстырылды

Оңтүстік Кореяда робот-монах көпшілікке таныстырылды. Аты - Габи. Темір будда монахының ұзындығы 130 сантиметр. Ол дәстүрлі монахтарша киініп, өзін буддизмге арнауға ант берді. Бұған қоса гуманиод робот басқа машиналармен бірге ай соңында өтетін Шамдар фестиваліне қатысады.


Бөлісу