Әр азамат жеке деректерінің таралғаны туралы алдын ала хабардар болады
Енді әр азамат жеке деректерінің интернетке шығып кеткен-кетпегенін тексере алады. Мәжілісте қаралып жатқан заң жобасындағы түзетулердің бір бөлігі осы мәселеге арналған. Заң жобасына сәйкес, дербес деректер операторларын классификациялау жүйесі енгізіледі. Олар өңделетін ақпарат көлемі мен қауіп деңгейіне қарай шағын, орта және ірі операторлар болып бөлінеді. Соған сәйкес әр санатқа қойылатын талап та әртүрлі болмақ. Осылайша тәуекелге негізделген реттеу тетігі қалыптасады. Сонымен қатар таралып кеткен дербес деректердің арнайы тізімі құрылады. Оларды қорғау талаптары да күшейтіледі. Атап айтқанда, құжаттарды ашық жариялау қажет болған жағдайда дербес деректерді бүркемелеу, хеш-кодтарды пайдалану және операторлар арасында ақпарат алмасу кезінде деректерді шифрлау міндеттеледі.
Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Әр азамат мемлекеттік ақпараттық жүйе арқылы қандай жеке дерегі ашық тарап кеткенін тексере алады. Бұл адамдарға өз деректерін қорғау үшін дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді. Жеке деректер жарияланған кезде және олармен алмасу кезінде қорғау талаптары күшейтіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы