Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрия Үкіметінің өкілдерін қабылдады. Ақордада өткен кездесуге Беате Майнль-Райзингер мен Герхард Карнер қатысты. Президент қос ел арасындағы әріптестіктің тұрақты дамып келе жатқанын атап өтті. Аустрия – Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктестерінің бірі. Екіжақты инвестиция көлемі 3 миллиард доллардан асқан, ал сауда айналымы жыл сайын артып келеді. Сонымен қатар тараптар Біріккен Ұлттар Ұйымы және Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы аясында тығыз ынтымақтастық орнатқан. Президент екі елдің салалық министрліктері мен ведомстволары арасындағы ықпалдастықтың жандануын құптады. Атап айтқанда, биыл мамыр айынан бастап дипломатиялық паспорт иелері үшін визасыз режим туралы және реадмиссиялау жөніндегі келісімдер күшіне енді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы