Жануарды қатыгездікпен өлтіргендер 5 жылға сотталуы мүмкін
Жануарды қатыгездікпен өлтіргендер 5 жылға сотталуы мүмкін. Жаңа заң нормаларына сәйкес, айыппұл көлемі қайта қаралады. Әсіресе жануар иелеріне қойылатын талап күшейеді. Оларды дұрыс күтпегені немесе қатыгездік көрсеткені үшін жауапкершілік артады. Бүгін Парламент Мәжілісінде аңшылық саласы мен жануарлар дүниесін сақтауға қатысты заң жобасы қаралып, бірінші оқылымда мақұлданды. Енді браконьерлер айыппұлмен құтылмайды. Браконьерлік кезінде қолданылған көлік, қару-жарақ, кез-келген жабдық міндетті түрде тәркіленеді.
Еділ Жаңбыршин, Мәжіліс депутаты:
Қылмыстық кодексте 316-бап бар. Соның екі бөлімі бар. Бірінші жануарларға зақым келтіргендерге қатысты жауапкершілік екі ай еді. Енді оны 6 айға дейін көтеріп, қамауға ұстау мәселесі. Ал екінші бөлімінде жануарларды қатыгездікпен өлтіретін болса, онда ең үлкен жауапкерлішік бұрын 2 жыл болатын. Қазір енді 5 жылға дейін мүлкін тәркілеу болады немесе конфискациясыз 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру мәселесіне ұсыныс бердік.
Сондай-ақ Мәжілісте «Топырақты қорғау туралы» заң жобасы бірінші оқылымда
мақұлданды. Жаңа нормада топырақты су басудан, батпақтанудан және қайта
тұзданудан, сарқылудан, құрғаудан, тығыздалудан қорғау, тозған топырақты
қалпына келтіру талаптарын белгілеу қарастырылған.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00