Қарағанды облысының Молодежный кентінде 15 шақырым тоқ желісін жаңартады
Қарағанды облысы Осакаров ауданына қарасты Молодежный кентінде электр энергиясы тапшы. Жұртшылықтың айтуынша елді мекендегі тоқ желілері әбден тозған. 6000-нан аса тұрғыны бар кентте электр станциясы сонау 60-70 жылдары салынған. Содан бері күрделі жөнделмеген. Жел тұрса жарық сөніп, жөндеуге сағаттап уақыт кетеді.
Жұмабике Оспанова, Молодежный кентінің тұрғыны:
Электроснабжение жаман. Бытовая техника бәрі жанып кетті. Менікі де жанып кетті. 2-3 сағат болмайды. Қыста вообще сутка отырдық. 16-18 мың ақша төлейміз светке. Ол ақша қайда кетеді?
Электр желісіне жауапты компания өңірдегі 4
бірдей ауданға қызмет көрсетіп отыр. Ал жыл сайын жөндеу жұмыстарына 150
миллион теңге ғана бөлінеді. 4 аудан бойынша желінің жалпы ұзындығы 6500 шақырымнан
асады. Барлығы дерлік тозған. Ал күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, тариф
бағасын кемінде 3-4
теңгеге қымбаттату керек дейді
компания өкілдері.
Руслан Келбұғанов, Қарағанды аймақтық энергетика
компаниясының директоры:
Молодежный кенті бойынша қосалқы станция жабдықтарына 35 миллион теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Сондай-ақ ағымдағы жөндеу жұмыстарына шамамен 15 миллион теңге бөлінеді. Соның арқасында 15 шақырымға жуық тоқ желісі жаңартылмақ.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17