Басты Жаңалықтар Абай облысының инфрақұрылымын жаңартуға ₸2,5 млрд бөлінді

Абай облысының инфрақұрылымын жаңартуға ₸2,5 млрд бөлінді

Үкімет Абай облысының инфрақұрылымын жаңартуға 2,5 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаражат Семей қаласындағы жылумен қамту нысандарын жөндеуге бағытталады. Шаһарда бүгінде 340 мыңға жуық адам тұрады. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесі 70 мыңнан астам тұтынушыны, соның ішінде көпқабатты және жеке тұрғын үйлерді, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын жылумен қамтамасыз етеді.  Қазіргі таңда Семейдегі жылу желілерінің жалпы ұзындығы 325 шақырымнан асады. Соның шамамен 60 пайызы тозған. Бұл жүйені кезең-кезеңімен жаңартуды талап етеді. Соңғы жылдары 50 шақырымнан астам құбыр ауыстырылып, тозу деңгейі айтарлықтай төмендеген.Алдағы жылыту маусымына дайындық барысында бірінші кезектегі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның басым бөлігі Үкімет резерві есебінен қаржыландырылған.

Сұңғат Есімханов, Энергетика вице-министрі:
Бұл алдымыздағы жылыту маусымына жақсы дайындалу мақсатында алдын-ала тәуекелдерді алу, сосын күрделі жөндеуге қажетті учаскелерін жөндеу жұмыстарын өткізу. 2,5 млрд қаражат бөлініп жатыр. Осы қаражаттың арқасында осы жылу желілер жөндеу жұмыстарынан өтіп, алдымыздағы жылы Семей қаласының тұрақты жылумен қамтамасыз етуге әсер етеді.


Бөлісу