Елде синтетикалық мата мен тоқыма өндіретін нысандар ашылады
Таяу жылдары Қазақстанда синтетикалық мата өндіретін, тоқыма және киім тігетін өндіріс нысандары іске қосылады. Бұл туралы Президенттің қабылдауында болған Xinjiang Lihua компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Цихай мәлімдеді. Жобаны жүзеге асыру арқылы мақта егістігін 52 гектарға дейін ұлғайтуға болады. Бүгінде екі мақта өңдеу зауыты қолданысқа берілген. Мемлекет басшысы кластер еліміздің оңтүстік өңірінде агроөнеркәсіп кешенін және жеңіл өнеркәсіпті дамыту тұрғысынан маңызды екенін атап өтті. Президент Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін дамытуға айрықша үлес қосқаны үшін Чжан Цихайды II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Сюй Цзе, Xinjiang Lihua компаниясының қазақстандағы жоба жетекшісі:
Біз неліктен Қазақстанды таңдадық? Алдымен бірнеше елдің нарығын зерттедік. Солардың ішінде табиғат ортасы, климаттық жағдайы, инвестициялық мүмкіндіктері ең жақын Қазақстан екенін анықтадық. Түркістан облысында мақта тұқымын сұрыптаудан бастап, оны өсіріп, өңдеп, тұтынушыға дайын өнім жеткізетін толық циклды іске қоспақпыз. Жобада қазір 1600 адам жұмыс істеп жатыр. Болашақта 4 мың адамға тұрақты жұмыс береміз. Олардың жалақысы өңірдегі орташа жалақыдан жоғары болады.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05