Жарасбай Сүлейменов: Мағжанның шын бағасын бере алмай келеміз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жарасбай Сүлейменов: Мағжанның шын бағасын бере алмай келеміз

16.07.2019

Тарихта өз бағасын алмаған тұлғалар бар. Олардың зерттелмеген, жұртқа жарияланбаған тұстары көп. Оның ішінде Абылайдың кеңесшісі болған Шал ақын, «халық жауы» болып атылып кеткен Мағжан да бар. Петропавлда «Азамат. Қаламгер. Қайраткер» атты республикалық конференцияға жиналғандар жазушы-журналист, қоғам қайраткері Жарасбай Сүлейменовтің Мағжан Жұмабаев жайында жазған шығармаларын талқылады. Жарасбай Сүлейменов: «Мағжанның шын бағасын бере алмай келеміз», - дейді.

«Мағжан» журналы 10 жылдан артық жарыққа шығып жүр. Ал ақындардың ақыны атанған дара тұлғаның 125 жылдық тойында оқырмандардың қолына «Мағжан» энциклопедиясы жарыққа шығып, басылым мың данамен тарады.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу