Өскемендегі жарылыс: 2 адам қаза тауып, 5 адам жарақаттанған
Өскемендегі кәсіпорындардың бірінде болған жарылыстан екі адам қаза тапты. Тағы бес адам жарақат алды. Дәрілердің айтуынша, оның үшеуі амбулаториялық ем алуға жіберілген. Екеуі аурханаға жеткізілген. Апат болған кәсіпорын басшылғы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, олардың отбасыларына материалдық және психологиялық көмек көрсетілетінін хабарлады. Айта кету керек жарылыс салдарынан ғимараттың ішкі бөлігі опырылып, өрт шыққан еді. Қызыл жалын 120 шаршы метр аумақты шарпыған.
Мұрат Нұрбикенов, ШҚО мамагдандырылған медициналық орталығы бас дәрігерінің
м.а.:
Үш науқаста тек жеңіл жарақат анықталып, олар амбулаторлық емге жіберілді. Екі науқас ауруханаға жатқызылды. Біріншісі – 1980 жылы туған ер адам. Оның жағдайы ауыр. Денесінің 90 пайызын термиялық күйік шалған. Тыныс алу жолдары зақымданған. Оған шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Екінші науқас – 1974 жылғы ер адам. Оның бел омыртқасы сынғаны анықталды. Ол травматология бөліміне жатқызылып, қажетті ем қабылдап жатыр.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17