Несиені уақытында төлей алмасаңыз не істеу керек?
Несие төлемі кешіксе, шот бұғатталып, шекара жабылады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазақстандықтарға ескерту жасады. Істі сотқа жеткізбеу үшін не істеу керек?
Самал Қабышева, Тілші:
Несиені уақытында төлей алмасаңыз не істеу керек? Сізге несие берген жерге ол банк немесе микроқаржылық ұйым болуы мүмкін, бірден соларға ескертіп, өтініш жазуыңыз керек. Қаржылық қиындықтардың себебін жазып, көрсетуіңіз шарт. Қажетті құжаттарды да дәлел ретінде ұсыну қажет. Ал, қаржы ұйымы сіздің өтінішіңізді 15 күн ішінде қарап, шешім ұсынуы тиіс. Яғни, төлемді кейінге шегеру, несие мерзімін ұзарту, пайыздық мөлшерлемені төмендету немесе айыппұлдар мен өсімпұлдардың бір бөлігін кешіру қарастырылған. Егер сізге несие берген жер бас тартса, дауды сотқа жеткізбей шешудің жолы бар. Банк немесе микроқаржы омбудсменіне жүгінуге болады. Омбудсмен қызметтері жеке тұлғалар үшін тегін. Яғни, ақша төлемейсіз. Қарыздың барлық түрлері ипотека, тұтынушылық, автокредит бойынша кеңес алуға болады. Өтінішті егер қарызды банктен алсаңыз, банк омбудсмены деген сайтқа қалдырасыз, ал микроқаржыұйымынан алсаңыз, микроқаржы омбудсменына жазасыз. Уақытында банкке жүгіну – қарыздың көбеюін , сот процесін және мәжбүрлі өндіріп алуды болдырмаудың ең тиімді жолы. Егер қарыз алушы еш әрекет жасамаса, онда несие қарызы коллекторларға беріледі. 90 күнге дейін, одан кейін сотқа жіберіледі. Сот шешіміне сәйкес, іс жеке сот орындаушыға өтеді. Бұл кезде банк шоттары бұғатталып, мүлікке тыйым салынады, табыстан ақша ұсталады, шетелге шығуға уақытша шектеу қойылады. Оған қоса жеке сот орындаушының қызметіне төлеуге міндетті боласыз. Артық шығындаласыз. Сондықтан, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтарды несие аларда қаржылық мүмкіндіктерін дұрыс есептеуге және қиындық туындаса, уақытында шара қабылдауға шақырады. Биыл халықтың жалпы несиесі, шамамен 25 трлн теңгеге жетті. Оның ішінде проблемалық, 90 күн кешіккен қарыз 1 трлн теңгеден асқан.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00