Басты Жаңалықтар Dubai Computer Group өкілдері технофорумға қатысты

Dubai Computer Group өкілдері технофорумға қатысты

Алматыда өткен халықаралық технофорумға Dubai Computer Group ұйымының өкілдері де қатысып жатыр. 2007 жылы құрылған қауымдастық Дубайдағы 200-ден аса IT-компанияны біріктіріп, нарықтағы серіктестікті дамытуға және технологиялық экожүйені нығайтуға жұмыс істейді. Ұйым IT өндірушілер, дистрибьюторлар мен интеграторлар арасында байланыс орнатып, жаңа жобалар мен инвестицияларға жол ашады. Сарапшылардың айтуынша, мұндай әріптестік алаңдары халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік береді.

Ашок Кумар, «Dubai Computer Group» өкілі /БАӘ/:

Біз IT нарықтағы компанияларды біріктіріп, өндірушілер мен серіктестер арасындағы байланысты күшейтеміз. Мұндай алаңдар жаңа серіктестіктер құруға және технологиялық дамуды жеделдетуге мүмкіндік береді. Қазақстанның мұндай бастамаларына оң баға берер едім. 

Geolab деректерге негізделген цифрлық шешімдер ұсынды

Форумға 2015 жылы құрылған алпауыт Geolab түркиялық инженерлік-технологиялық компаниясы да қатысты. Ол геоақпараттық жүйелер, көлік аналитикасы, картография және инфрақұрылымды басқару бағытында жұмыс істейді. Компанияның негізгі мақсаты – ұйымдардың цифрлық трансформациясын жеделдетіп, қалаларды тиімді басқаруға көмектесу. Geolab әзірлеген шешімдер нақты деректерге сүйене отырып, процестерді оңтайландырып, шешім қабылдауды жылдамдатады.

Айсунай Ширинова, Қашықтан зондтау саласының сарапшысы /Түркия/:

Біз мекемелердің нақты процестерін талдап, деректерді орталыққа біріктіріп, операцияларды оңтайландыратын және шешім қабылдауды жеделдететін жүйелер жасаймыз.  Бұл тәсіл операциялық тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстанға алғаш келуім. Жақсы әріптестік байланыс орнатамыз деген ойдамын.
Бөлісу