Криптовалюта мен цифрлық активтер заңдастырылды
Елімізде цифрлық активтерге ресми түрде рұқсат етілді. Бұл туралы Ұлттық банк өкілдері хабарлады. Жаңа заңнамаға сәйкес, цифрлық активтермен қатар, криптовалюта және цифрлық форматқа айналған қаржы құралдары қолданысқа енгізіледі. Бұл инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктерді ашып, қаражат тартудың баламалы көздерін ұсынады, дейді мамандар. Ал цифрлық активтер криптобиржалар мен айырбастау платформалары арқылы қолжетімді болады. Қазірдің өзінде 30-ға жуық ұйым пилоттық жобаларды іске асырып жатыр. Олардың бірқатары лицензия алып, ресми қызметін бастады, дейді Ұлттық банк өкілдері.
Арлен Молдабеков, ҚР Ұлттық банкінің департамент басшысы:
Енді осындай кәсіппен айналысқысы келетін ұйымдар толыққанда лицензияның арқасында жұмыс істей алады. Информациялық системаға, киберқауіпсіздікке дүниежүзілік регламенттерге сай талаптар, Ұлттық банктің нормативтік актілерінде белгіленген.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04
Өкпе обыры скринингке енеді
21.10.2026, 13:02
Шығыста қар жауып, жолдар жабылды
21.10.2026, 13:00