GITEX AI Kazakhstan 2026 форумындағы озық жобалар
Бүгін елімізде алғаш рет өтіп жатқан Орталық Азиядағы ең ірі технологиялық көрмеге 60 елден 150-ден астам сарапшы қатысып, жаңа технологиялық жобаларын ұсынды.
Форумда ақпараттық қауіпсіздіктен бастап табиғи апаттың алдын алуға дейінгі заманауи шешімдер таныстырылды. Сарапшылар жасанды интеллект дамыған сайын деректерді қорғау үшін әр ұйымның жеке цифрлық платформасы болуы маңызды екенін айтады. Сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу үшін «ақылды қала» жүйелерін енгізу қажеттігін атап өтті әрі тың жобалар ұсынды.
Илья Беляков, Компаниялар тобының техникалық департамент директоры /БАӘ/:
Әрбір адамның қауіпсіздігі мемлекеттің қауіпсіздігімен тікелей байланысты. Мысалы, біздің ақылды платформа арқылы су тасқыны сияқты апаттың қаупін алдын-ала арнайы технология көмегімен анықтай аламыз. Сәйкесінше, халықты эвакуация жасап үлгеруге уақыт болады. Біздің жүйе қауіптің алдын алумен қатар, бақылауды да қамтиды.
Зүлфия Тілекқабылқызы, жоба менеджері:
Біз жасанды интеллектке негізделген корпоративтік платформаны ұсынып отырмыз. Жүйе интернетсіз жұмыс істеп, компания ішіндегі процестерді толық автоматтандыруға мүмкіндік береді. Жасанды интелекті дамыған сайын, құпия мәліметтердің таралып кетпеуі маңызды. Қазір бұл шешімді бірнеше елдің, атап айтқанда еліміздегі ірі компаниялардан бөлек. Кипр, Ұлыбиритания, Өзбекстан елдері қолдануда.
Цифрландыру қарқынды жүріп, қызметтердің басым бөлігі онлайн форматқа көшкен сайын, бірден деректер қауіпсіздігі өзекті мәселеге айналады. Мамандар дәл осы тұста резервтік көшіру мен апаттан кейін қалпына келтіру жүйелері киберқауіптерден қорғанудың негізгі құралы екенін айтады.
Эвелен Ванг, жоба жетекшісі /Қытай/:
Жүйенің басты артықшылығы деректерді жедел қалпына келтіру және түрлі платформалар арасында көшіру мүмкіндігін береді. Егер бағдарламада қандай да бір вирус, ақау болса, бірден қосымша серверге тасымалдап береді. Бұл технологиялар ақпараттық қауіпсіздікті күшейтеді.
Халықаралық көрмеде білім мен қоғамның өзекті мәселелерін шешуге бағытталған жобалар да ұсынылды. Соның бірі - мектеп оқушыларының психоэмоционалдық жай-күйін бақылап, қажет сәтте жедел көмекке жол ашатын смарт-қосымша.
Ақжол Замбаев, жоба авторы:
Платформа ішіндегі ЖИ әрбір оқушыға қандай көмек қажет екенін шығарып, көрсетіп тұрады. Егер қиын жағдайға тап болса не досына көмек қажет болса, SOS батырмасы арқылы жағдайды түсіндіріп жібере алады.
Сарапшылардың болжамынша, цифрлық стратегияны іске асыру ұзақ мерзімде ел экономикасына 14 - 20 млрд доллар көлемінде пайда әкелуі мүмкін.
Әйгерім Ердәулет, тілші:
Инновация алаңы мен инвестиция мүмкіндігі ертең де дәл осы форумда жалғасады. Серіктестердің шешімінің нәтижесі қаншалықты ұтымды екені уақыт еншісінде.
Автор
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06
Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
09.05.2026, 12:00
Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды
09.05.2026, 11:35
«Жақанов әлемі: фотошежіре» фотокөрмесі ашылды
09.05.2026, 11:30
Ауылда жауынгерлік Даңқ музейі ашылды
08.05.2026, 20:29
Ардагерлерге жыл бойы әлеуметтік көмек көрсетіледі
08.05.2026, 20:28
Өзен жағалауын тазартып жүрген азамат ел алғысына бөленді
08.05.2026, 20:26