Айтыс, жыр, терме, ән мен күй бір арнада тоғысты
Ал Көкшетауда «Бес асыл» республикалық ұлттық өнер сайысы өтті. Командалық айтыста бидайлы Ақмола мен мұнайлы Атырау өңірлерінің ақындары сөз қағыстырды.
«Бес асыл» мега жобасы халқымыздың ежелден келе жатқан айтыс, жыр, терме, ән мен күй өнерін жоғары деңгейде дәріптеп келеді. Сондықтан бұл жолы да сахна төріне табан астында тауып айтудың хас шеберлері мен саз-сарынның саңлақтары қатар шығып, ұлттық өнердің мәртебесін мейлінше биіктете түсті. Бұл күні ақындар сүре айтыс, түре айтыс, қайым және өтірік өлең сияқты айтыстың бірнеше түрін жаңғыртты. Өнер сайысын белгілі айтыс ақыны Аманжол Әлтаев жүргізсе, айтыскерлер мен жыршы-термешілер халықаралық одағының басшысы Жүрсін Ерман қазылар алқасына төрағалық етті.
Арман Бердалин, айтыскер ақын:
Бұл өте керемет, дер кезінде қолға алынған жоба. Себебі қазір айтыс асқақтап тұрғанымен, күй, жыр, терме деген кенжелеп қалды. Осының бәрін жаңғыртатын үлкен бір рухани жоба.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Футбол: ӘЧ бүгін басталады
11.06.2026, 17:27
Болашаққа бәсеке: ЖИ бизнеске қалай әсер етеді?
11.06.2026, 17:25
Балқаштағы аурухана толық жөнделді
11.06.2026, 17:22
Биыл елімізде 11 мың шақырым жолды жөндейді
11.06.2026, 17:20
Әскери қызметшілерге төлем үш есе артады
11.06.2026, 17:17
Абай облысының диқандары рекорд жасауға ұмтылып отыр
11.06.2026, 17:15
СҚО-да қаптап кеткен жібекқұрт орманды жұтатып жіберді
11.06.2026, 17:12
Жануарларды қорғауға бағытталған заң жобасы мақұлданды
11.06.2026, 17:10