Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Qalqan платформасын іске қосты
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Qalqan атты бірыңғай цифрлық платформаны іске қосып, МӘМС 2.0 жүйесіне көшуді бастады. Бұл – қаржының қайда, қалай жұмсалып жатқанын ашық көрсетіп, бүкіл үдерісті автоматтандыруға бағытталған. Ол арқылы медициналық қызметтерді есепке алу, тексеру және төлеу бір жүйеге біріктіріледі. Бұрын қолмен атқарылатын жұмыстар азайып, шешімдер нақты деректерге сүйеніп қабылданады. Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асып жатыр. Алдымен медициналық ұйымдардың бірыңғай дерекқоры жасақталып, пациенттерді Face ID мен QR арқылы сәйкестендіру енгізілді. Жаңа жүйеде бақылау да күшейген. Енді шот жасалған сәтте қателер бірден анықталады. Адал жұмыс істейтін медициналық ұйымдар «жасыл дәліз» арқылы төлемдерін уақытылы алады. Ал пациенттер көрсетілген қызметті QR арқылы растап, жеке кабинеттен барлық төлем туралы мәліметті көре алады.
Гаухар Жанайдарова, ӘМСҚ Цифрлық даму орталығы басшысының орынбасары:
Негізі Қалқан бұл МӘМС жүйесінің цифрлық қалқанына айналады. Яғни пациенттердің құқықтарын қорғап, медициналық қызметтерді ашық түрде көрсетіп, ал адал бизнестер үшін олардың төлемдерін автоматтандыру арқылы оларға қолдау көрсетеді. Ал мемлекет үшін МӘМС жүйесі қаражатын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы