Қонаев қаласында Қазақстан халқының бірлігі күні кеңінен атап өтілді
Иә, бүгін жер-жерде Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті. Қонаев қаласында да 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні ерекше сән-салтанатпен аталды. Таңнан шаһар көшелері мерекелік көңіл-күйге бөленіп, Орталық алаңға жиналған жұртшылыққа концерттік бағдарламалар ұсынылды. Алаңда тігілген әсем киіз үйлер мен этно-бұрыштар әр халықтың бай дәстүрін, мәдени мұрасын паш етті.
Мерекелік шара түрлі ұлт өкілдерінің мәдени мұрасын таныстырудан басталды. Ұлттық киімдерін киген өнерпаздар ән айтып, би биледі. Ұлттық тағамдарынан дәм татқызды.
Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының
әкімі:
Бүгінде Қазақстанда 130-дан астам этнос өкілі тіркелген болса, оның 105-і Алматы облысында өзара келісім мен бірлікте өмір сүруде. 34 этномәдени бірлестік облыстың әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуына елеулі үлес қосып келеді.Қазақтың күмбірлеген домбырасы, өзге ұлттардың әуезді ән-жыры, биі мен күйі бір арнада тоғысты. Сахна төрінде елге танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Нағыз мерекенің лебі сезіліп, бір алаңда бірлік пен достық дәріптелді.
Өркенжан Жұмаев, Алматы Облысы Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы:
Бірлік бар жерде тірлік бар», - деген. Осындай дамыған мемлекетте бейбіт бейбіт өмір сүру үшін бір-біріміздің осындай жұмыстарымыз әрқашан, әрдайым нәтижелі, жемісті болуы қажет.Мұрат Нажипов, Түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі:
Біз бүкіл отбасымызбен қарсы аламыз. Өзіміздің салт-дәстүр бойынша көршілерге – басқа ұлт өкілдеріне таратып шығамыз. Осылайша біз достығымызды білдіреміз.Мейрамға орай шаһарда алғаш рет велошеру де ұйымдастырылды. Түрлі жастағы 200-ге жуық қатысушы қала көшелерімен жүріп өтіп, мерекенің ажарын аша түсті. Салауатты өмір салтын ұстанғандар 8 санат бойынша бақ сынап, оза шапқан жеңімпаздар ақшалай сыйлыққа ие болды.
Автор
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17