«Жұбанов көктемі» музыка фестивалі қорытындыланды
Қазақтың кәсіби музыка өнерінің негізін салушылардың бірі, композитор, дирижер, академик Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толды. Дарынымен дараланған дүлділдің мерейтойы оның туған жері – Ақтөбе облысында кеңінен тойланды. Бір аптаға созылған «Жұбанов көктемі» музыкалық фестивалі гала концертпен қорытындыланды.
Ахмет Жұбанов –
қазақ өнерінің қара нары. Оның музыка ғылымының дамуына қосқан үлесі мен
ізбасарлары жөніндегі мәліметтер арнайы көрмеге қойылып, жұртшылық назарына
ұсынылды. Құнды жәдігерлердің арасында бұрын жарияланбаған фотосуреттер мен
компазитор тұтынған музыка аспабы да бар. Мерейтойға оның ұрпақтары мен
музыкатанушы ғалымдар келді.
Эльмира Жұбанова, А. Жұбановтың келіні:
Елдің құрметін көріп мен шынын айтқанда 2-3 күннен бері құрметке бөленіп, Ақтөбенің төбесі ән болып тұр, тербеліп тұр. Қуанышымда шек жоқ. Осы жерге келгеніме де, осындай үлкен семьяға келін болғаныма да ырзамын.
«Жұбанов көктемі» музыкалық апталығына Алматыдан әйгілі өнер ұжымдары арнайы келді. Ахмет Жұбановтың өзі негізін қалаған дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат шәкірттері де өнер көрсетіп, жергілікті көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Абдулхамит Райымбергенов, күйші, өнертанушы:
Ақтөбе облысы әкімдігі бар, мәдениет бөлімі бар, ұйымдастырып отырған шара оны халыққа танытты ғой деп ойлаймын. Әсіресе, жастарға.
Асхат Шахаров, облыс әкімі:
Жастар үлкен тәжірибе алып, болашақ осы өнерді әрі қарай жетелеп, қазақ сахнасын биікке шығарады. Бұл сөзсіз. Қазір өзіміз куә болдық гала концертте Жамбылдан, Алматыдан келген жастарымыз өте жақсы, нәтижелі жұмыс жасап келеді.
Апталық аясында халықаралық хор және домбырашылар фестивалі де ұйымдастырылды. Ауқымды шараға Оңтүстік Корея, Түркия және Өзбекстан елдерінен арнайы келген қонақтар қатысты. Қорытынды кеште өңір басшысы Асхат Шахаров өнер майталмандарын марапаттап, құрмет көрсетті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы