Басты Жаңалықтар Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельмен сұхбат

Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельмен сұхбат

Қазақы ит тұқымдарын дүние жүзіне танытуға, қолдау білдіруге әрқашан дайынбыз. Мемлекет басшысының қабылдауында болған Халықаралық кинология федерациясының президенті Ұлттық арнаға берген сұхбатында осылай деді. Тамаш Яккель әрбір ит тұқымын ұлттық та, халықаралық та мұраның бір бөлігі деп санайды. Ол иттерді жауапкершілікпен өсіру, күтіп-баптау саласында серіктестік орнатуға ниетті. Халықаралық жүйе арқылы иттерді тіркесе, құжаттар әлемнің 100-ден аса елінде ескерілетінін айтты. Яғни салада халықаралық ынтымақтастық жеңілдей түседі.
Тамаш Яккель, Халықаралық кинология федерациясының президенті:

Мен Қазақстанға алғаш рет келіп отырмын. Өте қуаныштымын. Әсіресе Президентпен кездесуге мүмкіндік алғаныма ризамын. Бұған дейін біз қазақтың бір ит тұқымын — Қазақ тазысын ресми түрде таныдық. Бұл тұқым Қазақстанды халықаралық кинология картасына енгізуге үлкен үлес қосты. Енді сіздерде осындай бірегей тұқым бар, сондықтан «тазы» десе, бәрі оның Қазақстанға тиесілі екенін бірден түсінеді.
Халықаралық кинология федерациясы – әлемнің 100 елін біріктіретін ең ірі ұйым. Ит тұқымдарының стандартын қалыптастыруда маңызды қызмет атқарып келеді. Тамаш Яккель 2-3 мамырда өтетін «Astana Winner 2026» халықаралық көрмесіне қатысып, төреші болады.
Тамаш Яккель, Халықаралық кинология федерациясының президенті:
Мен түрлі мемлекеттерге барып, ит көрмелерін тамашалауға аса қызығушылық танытамын. Қазақстан бұл көрмені жоғары деңгейде өткізуге қызу дайындалып жатқанын аңғардым. Өте керемет өтеріне сенім мол. Менің де бес итім бар. 14 жасымнан бері ит асырап келемін. Өзімді нағыз ит жанашыры дер едім.

Бөлісу