Басты Жаңалықтар Астанадағы мың пәтердің терезесін бекітті

Астанадағы мың пәтердің терезесін бекітті

Астанада мың пәтердің терезесіне арнайы қауіпсіздік құлпы орнатылды. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары әр үйге кіріп, терезе ашылуын шектейтін құрылғыны тегін орнатып берді. Бұл бастама – балалардың өмірін қорғауға бағытталған нақты қадам. Алаңдауға негіз бар. Себебі, балалардың терезеден құлау фактісі жиілеген.

-         Қазір бес немерем бар бұл үйде. Кешке кіші ұлдың екі немерем келеді. Жетеу немерем.
-         Онда бүкіл терезеге орнатып береміз.   

Жеті немересі бар астаналық Жұпаргүл Сыбанова алтыншы қабатта тұрады. Немерелері терезеге жақындаса, жүрегі аузына тығылатынын жасырмайды. Сондықтан бұл шараға дән риза. Ал сегізінші қабат тұрғыны Айман Мұсажанова үшін де бұл – маңызды көмек.

Айман Мұсажанова, Астана тұрғыны:

Менің екі балам бар, үлкені 20 жаста. Қазір кішкентайым бір жастан асты. Оның қауіпсіздігі үшін алаңдаймын, жанынан кетпеймін. Интернеттен көріп жатамыз, оның алдын алу шарасы, бұл өте маңызды.

Орнатылған құрылғы – қарапайым әрі тиімді. Терезе толық ашылмайды, тек қауіпсіз деңгейде ғана ашылады. Әр отбасыға арнайы кілт беріліп, қолдану жолы түсіндірілді. Мамандардың айтуынша, көпшілік сенетін москит торлары – жалған қауіпсіздік.

Әли Арғынбаев, Астана қалалық ТЖ департаментінің инженері:

Москитный торлар, балалар оны инскусственный напор ретінде көреді. Ол 3-4 келіге де шыдамайды. Бірге ауып кетіп жатыр. Бірге құлап кетіп жатыр. Сондықтан, блокиратор арнайы торлар бар, соларпды орнату, жиһаздарды терезеге жақын қалдырмау, балаларды жалғыз қалдырмау, балаларды терезесі бар бөлмеде бір мезетке де жалғыз қалдыруыға болмайды.

Ашық терезе, қараусыз қалған бала – қауіптің ең үлкен көзі. Қайғылы жағдайлардың көпшілігі жаз мезгілінде тіркеледі. Қауіпсіздік – тек құрылғыға емес, ата-ананың жауапкершілігіне байланысты. Сондықтан, ең сенімді қорған – бақылау мен жауапкершілік.


Бөлісу