Бақты бекетінің әлеуеті артады
Абай облысындағы Бақты кеден бекетінде ауқымды жаңғырту жүргізіліп жатыр. Жоба шеңберінде ондағы өткізу қабілеті бірнеше есеге артпақ. Жүк және жолаушылар ағынын жеделдету үшін жаңа терминалдар, цифрлық бақылау жүйелері мен кеңейтілген жол инфрақұрылымы қолға алынған. Бұл өз кезегінде шекарадағы кептелісті азайтып, халықаралық сауда айналымын жеделдетуге мүмкіндік береді.
Ауқымды жаңғырту жұмыстары үш жыл бұрын басталған. Құрылыс жүріп жатса да Қытай
мен арадағы көлік пен жолаушылар ағыны тоқтаған жоқ. Қазір жаңадан іске
қосылған 2 инспекциялық тексеру кешені жұмыс істеп тұр.
Алмас Әсетұлы, «Бақты» кеден
бекетінің басшысы:
Қытай тарапынан «Бақты» кеден бекетіне шығарылған жүк көліктері түгел қабылданып, күніне 150 автокөлік кіріп жатыр. Жаңа іске қосылған инспекциялық тексеру кешенінің ерекшелігі қозғалыс үстінде жұмыс істеледі. Тексеру кешеніне кірген кезде жүк автокөлігі тоқтамай, әрі қарай шығып кетеді.
Мамандардың айтуынша, жаңғырту аяқталған соң бекет тәулігіне 500–600 автокөлікке
дейін қабылдай алады. Жолаушыларды өткізу тек бір бағытта 150-ден 1000 адамға
дейін өседі. Сондықтан кеден өткізу жолдары 6 жолаққа дейін кеңейтіліп,
заманауи терминалдар салынып жатыр.
Азат Күншашов, жоба басшысы:
Жұмыс қарқынды. Ең бастысы монолиттік жұмыстар. Бетон құю. Жолды дайындап. Жол жұмыстары бізде қазір 60 пайызға тамамдалған. Сонымен қатар жер жұмыстары да аяқталып келе жатыр.
Жаңғыртуды мамандар жыл соңына дейін аяқтаймыз деп отыр. Қазіргі таңда Бақты
арқылы тек автокөлік қатынасы жүзеге асса, алдағы уақытта мультимодальды
тасымал жүйесі қалыптасуы мүмкін. Сондықтан «Аягөз – Бақты» теміржолы құрылысы қатар жүріп жатыр.
Шойын жол іске қосылса, Бақты бекетінің мүмкіндігі одан әрі кеңейеді. Ең
бастысы мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылмақ. Қазірдің өзінде темір жол құрлысына
жергілікті тұрғындардың дені тартылған.
Медет Ержанұлы, Бақты ауылының
әкімі:
«Аягөз – Бақты» теміржол құрылысының Мақаншы ауданына қарасты 85 шақырымы жолағында 3 мердігер компания жұмыс істеп жатыр. Жалпы 95 техника жұмылдырылған. 120 адам жұмыспен қамтылған. Болашақта осы ауылдық аумаққа қарасты жұмыспен қамтуды ұлғайту жоспарда.
Жалпы алғанда Бақты кеден бекетін жаңғырту мен «Аягөз – Бақты» теміржолының құрылысы – тек өңір үшін ғана
емес, ел экономикасы үшін стратегиялық маңызы зор жобалар. Бұл бастамалар
Қазақстанды Еуразиядағы ірі көлік-логистикалық хабтардың біріне айналдыруға
негіз болмақ.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зейнеткерлер «Алтын жас» бағдарламасымен жұмысқа кіруге болады
29.04.2026, 17:35
Абдолла Қарсақбаевтың туғанына - 100 жыл
29.04.2026, 17:33
Ахмет Жұбановтың туғанына - 120 жыл
29.04.2026, 17:30
6500 оқушы бейбітшілік нышаны ақ көгершінді бейнеледі
29.04.2026, 17:27
Халық бірлігі – мемлекеттің мызғымас беріктігі
29.04.2026, 17:25
Жамбыл облысында қазақтілді этностар көбейіп келеді
29.04.2026, 17:22
Алматыдағы түлектер мектеп аумағын көгалдандырды
29.04.2026, 17:20
Көкшетауда «Шоқан оқулары – 2026» конференциясы өтіп жатыр
29.04.2026, 17:18