Басты Жаңалықтар Автотұрақ тәртібін бұзған көліктерді ақылы эвакуациялау басталды

Автотұрақ тәртібін бұзған көліктерді ақылы эвакуациялау басталды

Астанада жол қозғалысы ережесін бұзған көліктерді ақылы түрде эвакуациялау басталды. Енді рұқсат етілмеген жерге көлігін қалдырған жүргізушілер әкімшілік айыппұлмен қатар эвакуация қызметінің де ақысын төлейді. Жалпы, жыл басынан бері 56 мыңнан астам тұрақ ережесін бұзу дерегі тіркелген. Полицияның мәліметінше, заңбұзушылықтардың басым бөлігі жол белгілері мен таңбаларын елемеумен байланысты. Бейберекет қойылған көліктердің кесірінен кептеліс көбейіп, қозғалыс қиындайды. Эвакуациялау үдерісі толық цифрландырылған. Арнайы камералар заңбұзушылықты анықтап, ақпаратты полицияға жолдайды. Кейін жүргізушіге eGov Mobile арқылы хабарлама жіберіледі. Егер жүргізуші дер кезінде келіп үлгерсе, көлік орнында қалады, тек айыппұл салынады.

Ал эвакуацияланған көлікті қайтару үшін алдымен полициядан рұқсат алу қажет. Қызмет құны – 3 айлық есептік көрсеткіш, оған қоса сақтау ақысы тағы бар.


Бөлісу